03 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №18-03/106 

425 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
2015 жылғы 16 ақпан, Астана қаласы Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың  құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 9-бабы 1- тармағының 66) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр А.МАМЫТБЕКОВ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03-106 бұйрығымен бекітілген Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі Р/с № Жануарлардың түрлері Р/с № Жануарлардың түрлері 1 2 3 4 Су жануарлары 1 Қортпа 27 Оңғақ 2 Бекіре (сібірліктен басқасы) 28 Қызыл көз 3 Шоқыр 29 Қарапайым шармай 4 Пілмай (Арал популяциясынан басқасы) 30 Қабыршақты және жалаңаш көкбас 5 Сүйрік 31 Май балық 6 Қарынсау (бадырақ көзділерін және дөңгелек бастыларын қоса алғанда) 32 Табан балық 7 Бражников (долгин) майшабағы 33 Қылыш балық 8 Қара жон 34 Алтын және күміс түсті мөңке балық 9 Құбылмалы бахтах 35 Сазан 10 Майқан 36 Тұқы 11 Көкшұбар балық 37 Ақ және шұбар дөңмаңдай 12 Көкшарбы 38 Кәдімгі жайын 13 Пайда балық 39 Нәлім 14 Шыр 40 Кәдімгі алабұға 15 Мұқсын 41 Балқаш алабұғасы (Балқаш –Іле популяциясынан басқасы) 16 Сібір хариусы 42 Көксерке 17 Тікенді балық 43 Беріш 18 Шортан 44 Жыланбас балық 19 Торта, қаракөз 45 Буффало 20 Тұрпа балық 46 Камбала-глосса 21 Аққайран 47 Ұзын саусақты шаян (түркістандық кіші түрінен басқасы) 22 Ақ амур 48 Каспий итбалығы 23 Ақмарқа 49 Шабақ балық 24 Қызыл қанатты шұбар балық 50 Кәдімгі және талас тарақ балығы 25 Балпан балық 51 Айнакөз 26 Қырлықұрсақ 52 Көктыран Сүт қоректілер 1 Жанат тәрізді ит 17 Қабан 2 Қарсақ 18 Құдыр 3 Түлкі 19 Өзен құндызы 4 Қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқасы) 20 Сібір елігі 21 Марал 5 Жанат 22 Аскания бұғысы 6 Бұлғын 23 Бұлан 7 Құну 24 Киік 8 Сарғыш күзен 25 Сібір тау ешкісі 9 Ақ қалақ 26 Кәдімгі тиін 10 Ақкіс 27 Зорман 11 Сары күзен 28 Байбақ немесе дала суыры 12 Сасық күзен 29 Сұр суыр немесе алтай-тянь-шань суыры 13 Американ су күзені 30 Ұзын құйрықты немесе қызыл суыр 14 Борсық 31 Ондатра немесе су тышқан 15 Кәмшат (ортаазиялықтан басқасы) 32 Құм қоян 33 Ор қоян 16 Сілеусін (түркістандықтан басқасы) 34 Ақ қоян Құстар: 1 Қызыл жемсаулы гагара 30 Тундра аққұры 2 Қара жемсаулы гагара 31 Құр 3 Сұр қаз 32 Саңырау құр 4 Ақмаңдайлы қаз 33 Сұр құр 5 Қырманқаз 34 Гималай ұлары 6 Отүйрек 35 Кекілік 7 Сарыалақаз 36 Дала шілі 8 Барылдауық 37 Шіл 9 Ысылдақ шүрегей 38 Сақалды шіл 10 Қырылдақ шүрегей 39 Бөдене 11 Боз үйрек 40 Қырғауыл 12 Сары айдар үйрек 41 Қасқалдақ 13 Қылқұйрық 42 Дыркептер 14 Даурықпа шүрегей 43 Түзкептер 15 Жалпақ тұмсық 44 Көк кептер 16 Қарашақаз 45 Құз кептер 17 Қызғыш 46 Кәдімгі түркептер 18 Көк сүңгуір 47 Үлкен түркептер 19 Қызылбас сүңгуір 48 Күжіркей 20 Айдарлы сүңгуір 49 Шаушалшық 21 Айдарсыз сүңгуір 50 Тауқұдырет 22 Ұшқыр үйрек 51 Орман маңқысы 23 Сусылдақ 52 Ауылдақ тауқұдіреті 24 Айдарлы үйрек 53 Тау маңқысы 25 Қара тұрпан 54 Маңқы 26 Кіші бейнарық 55 Жылқышы 27 Секпілтес бейнарық 56 Үлкен шалшықшы 28 Бейнарық 57 Қасқа шалшықшы 29 Аққұр 58 Үлкен шырғалақ 59 Кіші шырғалақ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 18 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10494 болып енгізілді.